Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріндегі қарсыластары анықталды

114

Халықаралық футбол федерациясы жаңа турнирдегі топтық қарсыластарымызды жариялады. 

Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріндегі қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасы Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды. Матчтар 23–31 наурыз аралығында Астанадағы "Астана Арена" стадионында өтеді.

Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің бірі болды. Сонымен қатар матчтар Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстанда да өтеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта ұйымдастырылады.

Әр топта түрлі құрлықтан төрт команда болады, әр құрама екі матч өткізеді. Бұл формат матчтар санын көбейтпей, халықаралық кездесулердің қарқынын сақтап, сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу