Қазақстан күрес федерациясын басқарған Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті

115

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің жылдық қорытынды конференциясы өтіп, 2025 жылғы жұмыс нәтижелері мен ұлттық құрамалардың халықаралық аренадaғы көрсеткіштері талқыланды.

Қазақстан күрес федерациясын басқарған Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті Фото: Жеке парақшасынан

Сонымен қатар, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалып, федерация президентін сайлау рәсімі өтті. 

Конференция қатысушыларының бір ауыздан қабылдаған шешімімен Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды.

Ұзақ жылдар бойы федерацияны басқарған Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа атқарған еңбегі үшін алғыс білдірілді. Жиын барысында Еркін Оқасов өзіне артылған сенім үшін алғыс айтты. 

"Күрестің туын түсірмей, қазақ спортын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерімді саламын. Сенім білдірген барша жандарға мың алғыс. Өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін", – деді Еркін Оқасов.

Еркін Оқасов – Батыс Қазақстан облысының тумасы, кәсіпкер, "ВД Строй-Инжиниринг" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.

Бұған дейін "Qazaq kuresi" қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу