Қазақстан мектептерінде кәсіптік бағдар берудің бірыңғай моделі пайда болады

2584

Ата-аналарға балаларының таланты мен бейімділігі туралы есеп беріліп отырады. 

Қазақстан мектептерінде кәсіптік бағдар берудің бірыңғай моделі пайда болады

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы "мектеп табалдырығынан бастап әрбір баланың жеке даму жоспары мен болашақ мамандығын анықтауы тиіс" деп есептейді. Осы мақсатта олар, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жалпы орта білім беру мекемелеріне ұсыныс дайындады. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП VIII съезі барысында ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Мектеп қабырғасында 3,2 млн бала бар, оның 264 мыңы тоғызыншы сыныпты, 140 мыңы 11 сыныпты аяқтайды. Оқушыларға болашақ мамандығын анықтауға көмектесу өте маңызды. Қазір біз бұл жұмысты сарапшылар және министрлікпен бірге жүргізіп датырмыз. Мектептерге арналған алғашқы ұсыныстарды жаздық. Содан кейін кәсіптік бағдардың бірыңғай моделі пайда болуы тиіс, ал оқу жылының соңында әрбір ата-ана баласының икемділігі мен бейімділігі туралы есеп алуға тиіс. Бұл әрбір оқушыға жеке даму жоспарын қалыптастыруға көмектеседі", - деді Олжас Ордабаев.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнінің сағат санын қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

"Балалар сыни ойлауға, командада жұмыс істеуге және аудитория алдында сөйлеуге үйренеді. Үш жылдан бері колледждердің 136 мыңнан астам студенті мен 127 мың мектеп оқушы біздің бағдарлама бойынша білім алып жатыр. Ол үшін біз министрлік тапсырысы бойынша 7 мыңға жуық педагогтың біліктілігін арттырдық. Екінші жыл қатарынан "Өзгеріс" байқауын өткізіп келеміз. Бұл пән балалар мен мұғалімдердің қызығушылығын тудырады. Бірақ, өкінішке қарай, биыл "кәсіпкерлік негіздерін" үйрену сағаттары екі есе қысқартылды. Құрметті Асхат Қанатұлы (ҚР Білім және ғылым министрі), бұрынғы сағат санын қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Сондай-ақ бесінші сыныптан бастап "қаржылық сауаттылық негіздері" факультативін енгізу бастамасын көтергіміз келеді", - деді Олжас Ордабаев.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу