Қазақстан мен Қырғызстан шекара маңы индустриялық сауда-логистикалық кешенін құрмақ

2785

Қазіргі уақытта Министрлер Кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.О. Жапаровтың жетекшілігімен қырғыз делегациясы Қазақстанға сапармен келді. 

Қазақстан мен Қырғызстан шекара маңы индустриялық сауда-логистикалық кешенін құрмақ

Қырғыз Республикасы Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі әріптестерінің бірі болып табылады және Еуразиялық экономикалық интеграция шеңберінде маңызды рөл атқарады.

Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің үштігіне кіреді (үлес салмағы 14,2%-бен 3-орын).

Қысқа мерзімді кезеңге арналған бірінші кезектегі міндет 2020 жылғы тәжік дағдарысынан кейін өзара сауда көлемін қалпына келтіру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 9 айында тауар айналымының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға оң өсуі байқалады ($625,9-дан 680,7-ға дейін).

Елдер өзара сауда көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізу және перспективада екіжақты сауданы $2 млрд-қа дейін ұлғайту міндетін қойып отыр.

Сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылды арттыра отырып, Тараптар бірыңғай тауар өткізу желісін қалыптастыру мәселесін практикалық пысықтауға көшуді, оны одан әрі Еуразиялық тауар өткізу жүйесіне интеграциялауды жоспарлады.

2021 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Д.Ж. Амангелдиев екі құжатқа қол қойды.

Сонымен Қырғыз Республикасының аумағында көтерме-тарату орталықтарын құру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарында ("Жол картасы") сәйкес нақты іс-шаралар, оның ішінде КТО орналасқан жерін айқындау, қаржыландыру мәселесін пысықтау, инженерлік-техникалық коммуникацияларды қамтамасыз ету және көтерме-тарату орталықтарын (кто) құру және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да мәселелерді пысықтау көзделген.

Бірінші кезектегі құжаттар – қаржы-экономикалық модель, сондай-ақ КТО салу тұжырымдамасы келесі жылдың 1-тоқсанында дайындалатын болады.

Сарапшылардың болжамы бойынша, ұсынылған шаралардың тиімділігін Қырғызстаннан жеміс – көкөніс өнімдері экспортының 90 млн доллардан 175 миллион долларға дейін 2 есе өсу мүмкіндігі деңгейінде бағалауға болады.

Тараптар шекара маңы индустриялық сауда-логистикалық кешенін (ИСЛК) құру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруда.

Бүгін қол қойылған "Қарасу" және "Ақ тілек" автожол өткізу пункттері ауданында ИСЛК құру және оның жұмыс істеуі жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары уағдаластықтардың жалғасы болып табылады және ол үшін қажетті барлық дайындық, нормативтік және инвестициялық іс-шараларды қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу