Бұл туралы "Kazakh Invest" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты мен Қытай геология университеті, CNNC геобарлау корпорациясы және Xiamen Wanli Stone Co., Ltd компаниясы трансшекаралық кен белдеулерін салыстырмалы түрде бірлесіп зерттеуге бағытталған негіздемелік келісімге қол қойды. Бастама аясында тараптар уран кені бар "Төменгі Іле ойпаты – Іле өңірі" белдеуін ядролық энергетика саласындағы орта және ұзақ мерзімді ынтымақтастық жоспарына енгізуге күш салады, – деп жазылған "Kazakh Invest" компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.