Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

173

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде Фото: СІМ

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Заманауи тілдер ұлттық университетінде (NUML) болып, ректор Шахид Махмуд Каянимен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы ақпанда Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын және білім беру саласындағы уағдаластықтарды талқылады.

NUML басшылығы Қазақстанның бірқатар жетекші университеттерімен байланыс орнатылғанын атап өтіп, академиялық әріптестікті әрі қарай дамытуға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар қарастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша NUML делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу