Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі, дипломатиялық корпус дуайені Монтасер Абу Зейдпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Палестина арасындағы қазіргі ынтымақтастықтың жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Саяси және гуманитарлық бағыттардағы, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы байланысты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады.
Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту және бірлескен бастамаларды ілгерілету үшін тұрақты диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.