Қазақстан мен Сауд Арабиясы киберспорт саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

202

2027 жылы Астанада өтетін "World Esports Championship" турнирі жаһандық киберспорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға болмақ.  

Қазақстан мен Сауд Арабиясы киберспорт саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді Фото: gov.kz

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Киберспорт федерациясының төрағасы ханзада Фейсал бен Бандар бен Сұлтан әл-Саудпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде тараптар киберспортты дамыту бағытындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан Киберспорт федерациясы мен Сауд Арабиясы Киберспорт федерациясы арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құрамаларды даярлау және кәсіби тәжірибе алмасу мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар, Мадияр Меңілбеков биыл 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін фиджитал спорттан халықаралық "Болашақ ойындары 2026" турниріне дайындық барысы туралы ақпарат берді.

Ханзада Фейсал Сауд Арабиясы Киберспорт федерациясының аталған жарысқа өз делегациясын жіберетінін растады.

Ол екі елдің киберспорт федерациялары арасындағы қалыптасқан тығыз әрі нәтижелі байланысты жоғары бағалап, 2027 жылы Астанада өтетін "World Esports Championship 2027" турнирін жаһандық киберспорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға деп атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу