Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнады

241

Қазақстан құрамасы 7 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпаймен "J" тобында 4-орынға жайғасты. 

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнады Фото: kazpravda.kz

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы кездесу өткізді. Матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ойын өте қарқынды түрде басталды. Қазақстан құрамасы бірнеше мәрте қарсыластың қақпасына шабуыл жасап, қауіпті соққылар сериясын кезек-кезек жалғастырды. Дегенмен бірінші таймда қос командада есеп еше алмады.

Ал екінші таймда Дінмұхамед Қараманның артқа қарай қайшылай келіп соққан добы қарсыластың қақпасына дәл дарып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Алайда 75-минутта Солтүстік Македония сапынан Энис Бардидің айып соққысынан кейін таразы басы теңесті. Нәтижесінде, ойын тең есеппен аяқталды.

Айта кетейік, Солтүстік Македония 13 ұпаймен 2-орынға тұрақтаса, үздіктердің көшін 14 ұпай жинаған Бельгия құрамасы бастауда. Енді ұлттық құрама ойыншылар 15 қарашада Астанада Бельгия құрамасын қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу