Қазақстан мен Таиланд арасындағы Дэвис кубогы матчының жеребесі тартылды

162

Жарыстың алғашқы күні, 18 қыркүйекте, екі жекелей кездесу өтеді. 

Қазақстан мен Таиланд арасындағы Дэвис кубогы матчының жеребесі тартылды Фото: ҚТФ

Астанада Дэвис кубогының II әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасындағы матчтың ресми жеребе тарту рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша жекелей және жұптық кездесулердің өту реті анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Матч 18-19 қыркүйек күндері Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында өтеді.

Алғашқы матчта Александр Шевченко Максимус Парапол Джонспен кездеседі. Одан кейін кортқа Тимофей Скатов пен Касидит Самрей шығады.

Теннис федерациясы мәліметінше, екінші ойын күні, 19 қыркүйекте, жарыс бағдарламасы жұптық кездесумен басталады.

Қазақстан атынан Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев өнер көрсетеді. Оларға Танапет Чанта мен Пручья Исаро қарсылас болады.

Жұптық матчтан кейін тағы екі жекелей кездесу жоспарланған. Александр Шевченко Касидит Самреймен, ал Тимофей Скатов Максимус Парапол Джонспен ойнайды.

Еске салайық, Қазақстан мен Таиланд арасындағы матчтың жеңімпазы Дэвис кубогының I әлемдік тобында өнер көрсету құқығына ие болады.

Матчтар 18 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал 19 қыркүйекте сағат 12:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу