Астанада 18-19 қыркүйекте Дэвис кубогының екінші Әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Тайланд ерлер құрамалары кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бәсеке Ұлттық теннис орталығының "Beeline Arena" кешеніндегі хард корттарда өтеді. Жеңімпаз командалық әлем чемпионатының бірінші әлемдік тобында өнер көрсету құқығына ие болады.
Қазіргі рейтингте Қазақстан 42-орында, Тайланд 60-орында тұр.
Екі күнде барлығы бес матч өтеді: төрт жекелей және бір жұптық кездесу. 18 қыркүйектегі ойындар сағат 13:00-де, 19 қыркүйектегі кездесулер 12:00-де басталады.
Билеттер 5 мың теңгеден басталады. Құрамдар кейінірек жарияланады.