Қазақстан мен Ұлыбритания денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтпақ

78

Саланың медициналық инфрақұрылымы мен инвестициялық әлеуетін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Ұлыбритания денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтпақ Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксуорсимен, сондай-ақ International Hospitals Group және Turar Healthcare компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді.

Тараптар әріптестік қатынастардың тұрақты сипаты мен денсаулық сақтау саласындағы дамудың ұзақ мерзімді векторын атап өтіп, елдердің арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

А. Әлназарова Ұлыбритания Қазақстанның негізгі әріптестерінің бірі болып табылатынын, ал өзара іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі жаңа бірлескен бастамаларды іске асыру үшін негіз құратынын атап өтті.

Сондай-ақ фармацевтика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері, соның ішінде AstraZeneca компаниясымен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі қарастырылды.

Тараптар медициналық инновациялар, ғылыми зерттеулер және медицина кадрларын даярлау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға дайындығын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу