Қазақстан мен ЮНИСЕФ балалар құқықтарын қорғау саласындағы әріптестікті нығайтуға келісті

72

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілі Рашед Сарвармен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен ЮНИСЕФ балалар құқықтарын қорғау саласындағы әріптестікті нығайтуға келісті Фото: СІМ

Кездесу барысында тараптар балалардың денсаулығын қорғау, инклюзивті білім беруді дамыту, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, психикалық денсаулық мәселелері және әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды талқылады.

"Біз Ұйымның озық халықаралық тәжірибені енгізу, балалар құқықтарын қорғау саласындағы әдіснама мен мониторинг тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ инновациялық шешімдер мен жұмыс тәсілдерін қолдану бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз", – деп мәлімдеді министрдің бірінші орынбасары.

Ержан Ашықбаев ЮНИСЕФ-тің "Қазақстан балалары" ұлттық бағдарламасын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылғы қарашада Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған Жаһандық альянсқа қосылуына жәрдемдескені үшін алғыс айтты.

ЮНИСЕФ өкілі 2026-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы ұлттық стратегиялық құжаттардың басымдықтарына және БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің қорытынды ескертпелеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті нығайтуға және ЮНИСЕФ-тің 80 жылдығына арналған бірлескен іс‑шараларды өткізуге келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу