Қазақстан өлім жазасын қолдамайды

1705

Мәжілісте "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы талқыланды.  

Қазақстан өлім жазасын қолдамайды

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды. Бұған ҚР сыртқы істер министрлігі: "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) және 2) тармақтарына сәйкес өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік екінші хаттаманы ҚР парламенті міндетті түрде ратификациялауға тиіс, өйткені ол адамның және азаматтың құқықтары және бостандықтарымен байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелерді белгілейді. Осылайша аталған халықаралық шарт ҚР Парламентімен ратификациядан өткеннен кейін ғана күшіне енеді", – деп түсініктеме берді. 

Ал бүгін депутат Мұхтар Ерман мәжілістің жалпы отырысында "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына" Қазақстанның ескертпесімен 2020 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылғанынын мәлімдеді. 
"Хаттама елімізде өлім жазасын жою жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабылдауға бағытталған. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасы бойынша 2021 жылғы 23 маусымға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу