Қазақстан Оңтүстік Кореяға 18 млн баррель мұнай жеткізеді

414

Бұл туралы Reuters хабарлады.  

Қазақстан Оңтүстік Кореяға 18 млн баррель мұнай жеткізеді Фото: beijingtimes.com

Оңтүстік Корея Президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сиктің мәліметінше, Сеул 2026 жылдың соңына дейін жалпы көлемі 273 млн баррель мұнай және 2,1 млн тонна нафты жеткізу туралы келісім жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде 18 млн баррель мұнай Қазақстаннан тасымалданатын болады.

Корея тарапы Қазақстанды сенімді серіктес ретінде қарастырады, себебі республикадан экспорт Ормуз бұғазы арқылы өтпейді. Бұл аймақтағы тұрақсыздыққа байланысты энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан маңызды фактор саналады.

Кан Хун Сик Қазақстанға сапары барысында президент Ли Сук Ённың жеке хатын Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады. Хатта екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміт білдірген.

Сеулде қол жеткізілген келісімдер елдің ішкі нарығын тұрақтандыруға көмектеседі деп күтілуде.

Оңтүстік Корея билігінің есебінше, келісілген мұнай көлемі экономиканы 3 айдан астам уақыт қалыпты режимде ұстап тұруға жеткілікті.

Бейбітшілікке қауіп төнген Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Корея баламалы жеткізу бағыттарын іздеуді күшейтті. Осы тұрғыда Қазақстан Сеулдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды серіктеске айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу