Премьер-лиганың 2026 жылғы маусымына арналған жарыс күнтізбесіне жеребе тарту онлайн форматта ұйымдастырылды.
Жарыстарды жоспарлау кезінде жасанды интеллект технологияларын қолдану халықаралық тәжірибеде кең таралған. УЕФА мен жетекші футбол ұйымдары мұндай цифрлық шешімдерді күнтізбені оңтайландыру және ұйымдастырушылық тиімділікті арттыру мақсатында пайдаланады.
Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылды. Күнтізбе стадиондардың қолжетімділігі, ауа райы, еурокубоктар, ФИФА күнтізбесі, үй-сырт матчтар теңгерімі және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жасалды.
2026 жылғы маусымның алғашқы үш турының матчтары төмендегідей жоспарланды:
I тур
"Ақтөбе" – "Тобыл"
"Алтай" – "Қайрат"
"Астана" – "Жетісу"
"Атырау" – "Ұлытау"
"Қайсар" – "Жеңіс"
"Қызылжар" – "Каспий"
"Оқжетпес" – "Елімай"
"Ордабасы" – "Ertis"
II тур
"Каспий" – "Оқжетпес"
"Елімай" – "Алтай"
"Ertis" – "Атырау"
"Қайрат" – "Ақтөбе"
"Қайсар" – "Астана"
"Тобыл" – "Жетісу"
"Ұлытау" – "Қызылжар"
"Жеңіс" – "Ордабасы"
III тур
"Ақтөбе" – "Елімай"
"Алтай" – "Каспий"
"Астана" – "Тобыл"
"Атырау" – "Жеңіс"
"Қызылжар" – "Ertis"
"Оқжетпес" – "Ұлытау"
"Ордабасы" – "Қайсар"
"Жетісу" – "Қайрат"