Қазақстан садақ атудан Азия кубогында алтын және күміс медаль жеңіп алды

107

Кездесулер Ирактың Сүлеймания қаласында өтті.

Қазақстан садақ атудан Азия кубогында алтын және күміс медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Ирактың Сүлеймания қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогында тағы екі медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Блоктық садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста Павел Кузнецов пен Эльмира Раисова алтын жүлдеге қол жеткізді. Финалда қазақстандық спортшылар Бангладеш құрамасын 153:142 есебімен жеңді.

Әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Эльмира Раисова, Милана Бурлева және Аяжан Жақсылық шешуші кезеңде Бангладеш садақшыларынан 220:230 есебімен жеңіліп, екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның ерлер құрамасы да осы жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу