Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылды қатаң айыптады

182

Қазақстан тарапы шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылды қатаң айыптады Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған, адам шығынына әкелген шабуылдарын қатаң айыптады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды және олар халықаралық құқық нормаларын бұзады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттер Йемендегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіретінін атап өтті.

Қазақстан Сауд Арабиясымен ынтымақтастығын білдіріп, Корольдіктің БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу