Қазақстан семсерлесуден әлемдік рейтингте алғаш рет көш бастады

198

Бұған Марокконың Касабланка қаласында өткен Әлем кубогы кезеңіндегі жеңіс негіз болды.

Қазақстан семсерлесуден әлемдік рейтингте алғаш рет көш бастады Фото: ҰОК

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы сапы сайысынан Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) әлемдік рейтингінде алғаш рет бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған Марокконың Касабланка қаласында өткен Әлем кубогы кезеңіндегі жеңіс негіз болды. Қазақстандықтар финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен ұтып, алтын медаль иеленді.

Соңғы бір жылда отандастарымыз Ислам ынтымақтастығы ойындарында, Азия чемпионатында, әлем чемпионатында және Азия ойындарында топ жарды. Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан әлемдік рейтингте үшінші орыннан бірінші сатыға көтерілді.

Касабланкадағы жарыста ел намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қорғады.

Бұған дейін ерлер арасындағы командалық сапы сайысында Франция, Италия, Венгрия және Швейцария құрамалары көш бастап келген. Азия елдерінен әлемдік рейтингтің бірінші сатысына Жапония мен Оңтүстік Корея ғана көтерілген еді. Енді бұл қатарға Қазақстан құрамасы да қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу