Қазақстан семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанды

203

Финалда Қазақстан құрамасы Украина спортшыларын 45:40 есебімен жеңіп, тарихи алтын медальға қол жеткізді.  

Қазақстан семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанды Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

 

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Гонконгте өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Украина спортшыларымен кездесті. Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимовтан құралған төрттік қарсыласын 45:40 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Бұл – Қазақстанның семсерлесуден әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны. Сондай-ақ ерлер құрамасы тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шықты.

Қазақстандықтар жарыс жолын 1/16 финалда Финляндияны 45:39 есебімен жеңуден бастады. Одан кейін Өзбекстанды 28:27, ширек финалда Данияны 45:36, жартылай финалда Мысырды 41:32 есебімен ұтты.

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының әлем чемпионатындағы үздік нәтижесі қола медаль болған. Былтыр Грузия астанасында өткен әлем біріншілігінде қазақстандықтар Францияны жеңіп, тарихи жүлдеге қол жеткізген еді.

Қазір Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингте бесінші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу