Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

197

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды Фото: Арлан Олжабай

Отандастарымыз сабля бәсекесінің жартылай финалына дейін жетті. Ұлттық құрама бұл кезеңде Жапониямен жолығып, қарсылас командаға 45:34 есебімен жол берді.

Осылайша ерлер құрамасы Қазақстанның жүлде қорын қоламен толықтырды.Қазақстан құрамасы сапында Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Қуаныш Ерғашбай және Нұрмұхаммед Жайлыбай өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу