Қазақстан шахматшысы Алуа Нұрман әлемдік турнирде күміс жүлде алды

117

Жас спортшы Магнус Карлсен командасынан бастап әлем чемпиондарына дейінгі қарсыластармен ойнап, жоғары нәтиже көрсетті.  

Қазақстан шахматшысы Алуа Нұрман әлемдік турнирде күміс жүлде алды Фото: sport-hub.kz

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Гонконгте өткен командалық әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

19 жастағы спортшы рапид және блиц сайыстарында әлемнің мықты шахматшыларымен тең дәрежеде бәсекеге түсті. Ол Магнус Карлсен командасына қарсы ойында жеңіске үлес қосып, әлем чемпионы Александра Костенюкпен өткен кездесуде де басым түсті.

Кейін Алуа Нұрман қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен тең ойнап, Үндістан өкілі, әлем чемпионы Дивья Дешмухты жеңді. Сондай-ақ ол өзбекстандық Гулрухбегим Тохиржонованы ұтты. Турнирді тәжірибелі шахматшы Харика Дронаваллимен тең нәтижемен аяқтады.

Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшы өнер көрсеткен Barys командасы 9-орынға тұрақтады. Ал Алуа Нұрман әйелдер тақтасында күміс жүлдегер атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу