Қазақстан хоккейден қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды

161

Қазақстандық хоккейшілер 4:3 есебімен басым түсті.

Қазақстан хоккейден қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды Фото: olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен шайбалы хоккейден Азия чемпионатында топ жарды. Отандастарымыз соңғы ойында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізгі және қосымша уақытта командалар бір-бірінің қақпасына шайба соға алмады. Сондықтан жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Нәтижесінде қазақстандық хоккейшілер 4:3 есебімен басым түсті.

Ұлттық құрама бұған дейін Жапонияны 3:2, Қытайды 5:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды. Ұлттық команда бұған дейін 2024 және 2025 жылдары алтын медаль жеңіп алған.

Жапония құрамасы күміс медальға ие болды. Ал Оңтүстік Корея үздік үштікті түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу