Қазақстан спортшылары Бейжіңге аттанды

2189

27 қаңтарда Қазақстан делегациясы Нұр-Сұлтан-Алматы-Бейжің бағыты бойынша Қысқы Олимпиада ойындарына аттанды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.  

Қазақстан спортшылары Бейжіңге аттанды

Барлық спортшылар мен жаттықтырушылар ұшуға дейін соңғы апталарды карантиндік жағдайда өткізді. Олар үшінші тұлғалармен тікелей байланыссыз жерде тұрып, жаттығатын болады.

Олар "Эйр Астананың" арнайы рейсімен барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып Қытайға барады. Бұл рейске конькимен жүгіру, шорт-трек, фристайл-могул, тау шаңғысы, трамплиннен секіру және скандинавиялық комбинациядан сынға түсетін спортшыларымыз отырды.

Шетелде финалдан өткен командалар, атап айтқанда биатлон, шаңғы жарысы және фристайл акробатика командалары Қытайға жеке маршрут бойынша аттанады.

"Бүгін біз Олимпиада ойындарына ұшамыз. Бұл бәріміз үшін өте қызықты оқиға. Біз оптимистпіз және осындай маңызды жарыста бар күшімізді салуға дайынбыз. Осындай қиын кезеңде спортшыларға жасалған барлық жағдай мен қамқорлық үшін Мемлекет басшысына және үкіметімізге, Ұлттық Олимпиада комитетіне шексіз алғысымды білдіргім келеді. Қандай жағдай болмасын жаттығуымызды үзген жоқпыз", – деді Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы, шорт-трек құрамасының жетекшісі Абзал Әжғалиев.

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 ақпанда Бейжіңдегі Ұлттық стадионда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу