Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоясында өтіп жатқан Азия ойындарында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңінде сынға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іріктеу кезеңінде Қазақстан сапынан Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Нуртан Идрисов және Ильяс Азизов өнер көрсетті.
Милад Карими еркін жаттығуда 13.833 ұпай жинап, финалға өтті. Сондай-ақ ол кермедегі жаттығудан 13.133 ұпай алып, ақтық сынға жолдама алды.
Командалық сайыста Қазақстан құрамасы 237.829 ұпаймен төртінші орынға жайғасып, финалға шықты.
Жекелей көпсайыста Нуртан Идрисов тоғызыншы, Ильяс Азизов 13-орын алды. Ал Нариман Курбанов, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов және Дмитрий Патанин жекелей жаттығуларда финалға өте алмады.
Ерлер арасындағы командалық финал 23 қыркүйекте өтеді. Жекелей снарядтар бойынша финалға үздік сегіз гимнаст жолдама алады, алайда бір елден ең көбі екі спортшы қатыса алады.