Қазақстан Суперкубогының жаңа дизайны таныстырылды

198

Жаңа Суперкубок қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген. 

Қазақстан Суперкубогының жаңа дизайны таныстырылды Фото: Бейнежазбадан

Жаңа трофей заманауи минималистік үлгіде жасалған. Кубоктың сыртқы келбетіне қазақтың ұлттық ою-өрнек элементтері енгізіліп, дәстүр мен заманауи бағыт үйлестірілген. Бұл шешім жарыстың мәртебесін айқындап, қазақстандық футболдың ұлттық болмысын көрсетуді мақсат етеді.

2026 жылғы Қазақстан Суперкубогы жаңа маусымның шымылдығын түретін алғашқы ресми матч болмақ. Тартысты кездесуде алматылық Қайрат пен қостанайлық Тобыл командалары өзара мықтыны анықтайды. Соңғы жылдары ішкі біріншілікте тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп жүрген қос клуб жанкүйерлерге қызықты ойын сыйлауға ниетті.

Матч 28 ақпан күні Астана Арена стадионында өтеді. Кездесудің басталу уақыты – 17:00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу