Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қатар СІМ басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Шарм-эш-Шейх қаласының маңындағы жол апаты салдарынан Қатар Әмірі Кеңсесінің қызметкерлері қаза болғанына байланысты Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниге көңілхат жолдады. Сондай-ақ Ермек Көшербаев марқұмдардың бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы үлесін атап өтті және Қазақстан Қатармен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Газа секторындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерде Катар делегациясының құрамындағы үш дипломат Шарм-эль-Шейх маңында болған жол-көлік оқиғасында қаза тапты.