Қазақстан таэквондодан Гран-при турнирінің іріктеу кезеңін өткізу құқығына ие болды

293

Бұл шешім Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен Халықаралық федерацияның Дүниежүзілік кеңесі отырысында қабылданды.

Қазақстан таэквондодан Гран-при турнирінің іріктеу кезеңін өткізу құқығына ие болды

Қазақстандық делегация дайындаған таныстырылым халықаралық ұйым тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Айта кетейік, бұл турнирді өткізу құқығы үшін 18 ел таласқан болатын. Келер жылы әлемнің ең мықты таэквондошылары Қазақстан астанасында бас қосады. Гран-при барысында 2028 жылғы Олимпиадаға жолдамалар сарапқа салынады. 

Қазақстанның бұл жетістігі елдегі спорт инфрақұрылымының дамуы мен халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға дайын екенін көрсетеді. Бұл турнир еліміздің спортшыларына өз жерінде өнер көрсетуге мүмкіндік береді және таэквондоның Қазақстандағы танымалдығын арттырады.

Турнирдің нақты даталары мен қатысушы елдер тізімі алдағы уақытта жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу