Қазақстан тағы биіктен көрінді: IZI Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтайды

237

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет теннис бойынша АҚШ ашық чемпионатының (US Open) чемпионы атанды. 

Қазақстан тағы биіктен көрінді: IZI Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтайды Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші турнир финалында Арина Соболенкодан 6:4, 5:7, 6:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

US Open турниріндегі жеңіс Рыбакина үшін Wimbledon-2022 мен Australian Open-2026 жарыстарынан кейін "Үлкен дулыға" санатындағы үшінші титулы болды.

Алайда бұл жеңістің маңызы одан да зор. Елена жарыс нәтижесі бойынша WTA рейтингінде көш бастап, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына шыққан Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды.

Спортшының тарихи жетістігін Қазақстанда теннис саласын белсенді түрде қолдап келе жатқан цифрлық оператор әрі Елена Рыбакинаның серіктесі – IZI атап өтті.

"Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі жеңісі мен әлемдік рейтингіде бірінші орынға шығуы – қазақстандық спорт үшін тарихи жетістік. Қазақстанда теннистің дамуына үлес қосып, Еленаның спорттық жолында бірге болу – IZI үшін үлкен мақтаныш. Оның жетістіктері жас теннисшілерді жігерлендіріп, отандық спортқа жаңа мүмкіндіктер ашып жатқанына қуаныштымыз. Жеңіс құтты болсын!", – деді IZI даму жөніндегі директоры Максим Панов.

IZI компаниясының Елена Рыбакинамен ынтымақтастығы осы маусымның басында басталған болатын. Мобильді оператор теннисшінің жарнамалық демеушілерінің бірі ретінде оны Australian Open және US Open сияқты әлемдік ірі турнирлерде қолдап келеді. 

IZI Еленаға жарыстарда қолдау көрсетіп қана қоймай, өз оқырмандарын спортшымен жақынырақ таныстырады. Теннисші IZI-ге эксклюзивті сұхбат берді, ол оператордың қосымшасында жарияланды.

Сондай-ақ жақын арада IZI тұтынушылары Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған эксклюзивті сыйлықтардың ұтысына қатыса алады. Толық мәліметтер @izi_app ресми аккаунтында жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу