Қазақстан Тәжікстанмен көп жылдық келісімді бұзды

9703

Үкіметтің қаулысы нормативтік актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

Қазақстан Тәжікстанмен көп жылдық келісімді бұзды Фото: ontustiktv.kz

Қазақстан Тәжікстанмен ұлттық валютаның өзара айырбасталуы туралы көпжылдық келісімді бұзды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1999 жылғы 16 желтоқсанда Душанбеде жасалған Қазақстан Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкі мен Тәжікстан Үкіметі, Тәжікстан Ұлттық Банкі арасындағы Қазақстан теңгесі мен тәжік рублінің өзара айырбасталуын және бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімнің күші жойылсын", - делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі енді Тәжікстан Үкіметіне хабарлама жіберуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу