Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

91

Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы жарысты төрт медальмен аяқтады.

Жасөспірімдер бәсекесінде Рамазан Әйнегов пен Алуа Нұрмұхамет алтын жүлде жеңіп алды. Ал Валерия Шнейдер мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медальға ие болды.

Ересектер арасындағы сайыста қазақстандық Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу