Қазақстан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды

502

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогы кезеңінде тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды Фото: olympic.kz

Ұлттық құрама аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды. 01:34:56 уақыт көрсеткен Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко екінші сатыдан көрінді.

Румыния құрамасы 01:34:31 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Үздік үштікті 01:35:42 уақыт көрсеткішімен Түркия құрамасы түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу