Қазақстан құрамасының спортшылар шеруіне дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова қатысады.
Елдос Сметов – Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Бұған дейін ол 2016 жылы күміс, 2020 жылы қола жүлде иеленген. Спортшының жетістіктері қатарында әлем чемпионаты мен 2014 жылғы Азия ойындарының алтын медальдары да бар.
Ал Сарвиноз Миркадирова – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол WTT Feeder санатындағы халықаралық жарыстарда жүлдеге қол жеткізіп, әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғаған.
Азиада-2026 ойындарының ашылу рәсімі 19 қыркүйекте Нагоядағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді. Байрақ додасы 4 қазанға дейін жалғасады.