Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты-2025/26 іріктеу кезеңінің А лигасында сәтті өнер көрсетті. Данияның Хельсингёр қаласында өткен кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.
Ойын барысында қазақстандықтар қиын жағдайға тап болды. Матчтың 51-минутында Расул Әкімов алаңнан қуылып, команда он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, құрамамыз қорғаныста сауатты ойнап, матч соңына дейін қақпаларын голдан аман сақтап қалды.
А лигасының 4-топ ойындары 25-31 наурыз аралығында Данияда өтуде. Қазақстан құрамасының бұл топтағы қарсыластары – Чехия және турнир қожайындары Дания құрамалары.
Келесі ойында Қазақстан U-17 құрамасы 28 наурыз күні Қазақстан уақытымен 21:00-де алаң иесі Дания құрамасына қарсы ойнайды.
2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Эстонияда өтеді. Сондықтан іріктеу кезеңіндегі әрбір ұпай қазақстандық команда үшін аса маңызды.