Қазақстан U-17 және U-19 құрамаларының Еуро-2026 іріктеу додасындағы қарсыластары анықталды

392

Жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтті. 

Қазақстан U-17 және U-19 құрамаларының Еуро-2026 іріктеу додасындағы қарсыластары анықталды

УЕФА штаб-пәтерінде 19 жасқа дейінгі 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты элиталық кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы 5-топқа түсті. Бұл топта Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнаймыз. Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Румынияда өтеді.

Элиталық кезеңге қатысатын 28 құрама жеті топқа бөлінді. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусым – 11 шілде аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Финалдық кезеңге жарыс қожайыны Уэльс құрамасы автоматты түрде қатысады.

Сондай-ақ бүгін 17 жасқа дейінгі 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты А лигасының жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Чехия, Аустрия және Даниямен 4-топқа түсті. Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Данияда өтеді. 28 құрама жеті топқа, жолдама үшін бақ сынайды. Финалдық кезең 25 мамыр – 7 маусым 2026 аралығында Эстонияда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу