Қазақстан U17 құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде Албанияны жеңді

216

Жастарымыз А дивизионына жолдама алды. 

Қазақстан U17 құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде Албанияны жеңді

8-топта 17 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінің үшінші тур ойындары аяқталды. Нидерланды - Хорватия кездесуінде хорватиялықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл нәтиже алты ұпай жинаған Қазақстан құрамасына топта бірінші орын алып, екінші кезеңнің А лигасына жолдама алуға мүмкіндік берді.

Шешуші турға дейін көш бастап тұрған Нидерланды төрт ұпаймен үшінші орынға түсіп, В лигасына жол тартты. Алты ұпай жинаған Хорватия екінші орынға көтеріліп, А лигасында ойнайтын болды. Бір ұпайы бар Албания В лигасында жарысты жалғастырады.

Қазақстан құрамасы турнирдің алғашқы матчында Хорватияны 2:1 есебімен жеңді. Кейін Нидерландыға 1:4 есебімен есе жіберді, ал соңғы турда Албанияны 2:1 есебімен ұтты. Енді Бауыржан Сағындықтың шәкірттері 2026 жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін таласады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу