Қазақстан U21 құрамасы Еуро іріктеуінде Молдовамен тең тарқасты

148

Андрей Ферапонтов шәкірттері соңғы минутта қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды. 

Қазақстан U21 құрамасы Еуро іріктеуінде Молдовамен тең тарқасты

Астанада өткен іріктеудің бесінші турындағы матч 1:1 есебімен аяқталды. 

Қазақстан сапында есепті "Қайраттың" 19 жастағы шабуылшысы Рамазан Бағдат ашты. Алайда 90-шы минутта қонақтар пенальтиден есепті теңестіріп кетті. Гол авторы Николае Ротару.

Бес турдан кейін Қазақстан D тобында алты команда арасынан бесінші орынға жайғасты.

Келесі ойынды Қазақстан жастар құрамасы 27 наурызда өз алаңында Словакияға қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу