Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына дайын ба?

1658

Ұлттық құраманың әлем чемпионаты алдында Латвияға қарсы өткізген екі жолдастық кездесуінің де нәтижесі (0:5, 1:5) көңіл көншітерлік  емес.

Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына дайын ба?

Қазақстан құрамасы Ригадағы оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңін аяқтап, бүгін, 10 мамыр Хельсинкиге аттанды. Қазақстан құрамасының бас бапкері ҚХФ-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында Латвияға қарсы өткен матчтарды қорытындылап, команданың жеңілісінің себебін түсіндіре кетті.

– Юрий Владимирович, жігіттердің көптен бері ойнамағаны көрініп тұр. Оған қоса олар әртүрлі клубтардан келген.

– Әртүрлі клубтардан болғанымен, бәрібір, жігіттер біздің кейбір ойындарымызды есте сақтайды. Олардың қайта жиналып, жаттығу өткізгендері хоккей үшін ұзақ уақыт деп айтуға болады. Кейбіреулері 3-4 ай ойнамады. Сондықтан біз үшін бірінші ойын қиынға соқты. Бірақ екінші және үшінші кезеңде хоккейшілеріміз азды-көпті ойнады. Олар өз позицияларында ойнауға тырысты. Латвия құрамасы жылдамырақ қимылдады. Қарсыластар тарапынан жақсы қысым болды. Біз оларға ілесе алмадық. Екінші матчта тағы да голдар жіберіп алдық. Бұл мәселе бойынша жұмыс істейтін боламыз. Екінші, үшінші кезеңдерде ойынды теңестірдік. Шабуылға шықтық, гол соқтық. Мұның өзі қуантарлық жағдай. Бір айтарым, шабуыл барысында мүмкіндіктер болды. Бірақ, сол мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алмадық.

Қақпашылардың ойыны туралы не айта аласыз?

– Оларға қиын. Мәселен, Румянцев үшін бұл мұндай деңгейдегі бірінші ойын. Бәлкім ол қобалжыған болар. Бірақ кейін ол өзінің толқуын жеңді. Екінші, үшінші кезеңде жақсы ойнады.

Барлығы тізімде неге Дицтің болмағанын сұрауда?

– Диц құрамада және жеке жоспар бойынша жұмыс істейді.

Сонымен қатар жанкүйерлер Батырлан Мұратовты да көрмеді?

– Батырлан – шебер шабуылшы. Бірақ әзірге оны бір жерге қою қиын. Сондықтан Батырланды "Барыспен" өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырамыз және келесі жылы ұлттық құрамада ойнайтын болады.

Яғни, бұл алғашқы екі комбинацияның ойыншысы ма?

– Иә, ол техникалық ойыншы. Бізде бұл позицияларда ойыншылар бар. Ал қосалқы құрамға шығарудың мәні жоқ деп санаймын.

Айта кетейік, 14 мамыр күні Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Данияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ "А" тобында Канада, Словакия, Германия, Швейцария, Италия және Франция құрамаларымен кездеседі. 13 мамыр күні басталатын Әлем біріншілігі 29 мамыр күні мәресіне жетпек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу