Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда екі кездесу өткізеді

956

Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда екі кездесу өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Сан-Марино (16 маусым) және Солтүстік Ирландия (19 маусым) құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Жалпы тізімге 34 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада (екеуі де – "Ордабасы"), Данил Устименко ("Қайрат");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – "Тобыл"), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы – "Астана"), Талғат Кусяпов ("Каспий"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Химки", Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов ("Тобыл"), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – "Ақтөбе"), Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – "Астана"), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Мирас Тұрлыбек ("Ақсу"), Еркін Тапалов ("Қызылжар");

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – "Астана"), Абылайхан Жұмабек ("Ақтөбе"), Айбар Жақсылықов ("Ордабасы"), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де – "Қайрат"), Ислам Чесноков ("Тобыл");

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады. Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын "Эннио Тардини" стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласы, "Уиндзор Парк" стадионында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу