Қазақстан ұлттық құрамасының аңыз ойыншысы мансабын аяқтады

Ол 16 жыл бойы ел намысын абыроймен қорғады.  

Қазақстан ұлттық құрамасының аңыз ойыншысы мансабын аяқтады Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 120-ға жуық ойынға қатысқан сақа футзалшы Шыңғыс Есенаманов осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшы соңғы кездесуін кеше Италияға қарсы өткізді. Бұл Еуро-2026 іріктеуіндегі ойын болатын. Өкінішке қарай, ел құрамасы аталған турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Шыңғыс Есенаманов Қазақстан құрамасы сапындағы дебютін 2009 жылдың 19 ақпанында Ұлыбританияға (5:2) қарсы ойында бастаған. 16 жылда футзалшы ұлттық құрама жейдесін 118 рет киді.

Ойыншы командамен Еуро-2016 жарысының қола жүлдесіне ие болған, Еуро-2018-дің жартылай финалы, Еуро-2022 турниріндегі ойындарда белсенділік танытты. Екі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға дейін жетті. Мұнда да футзалшының есіл еңбегі бар.

Клубтық деңгейде Ш.Есенаманов көп жыл алматылық "Қайратта" доп тепті. Қазір "Семейдің" белді ойыншысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу