Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы РПЛ-ге ауысты

"Елімай" футбол клубы Ғалымжан Кенжебекпен ресми қоштасқанын хабарлады. 

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы РПЛ-ге ауысты Фото: ҚФФ

Енді ол Ресейдің "Ахматында" доп тебеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– "Елімай" сапына 2025 жылы маусымның ортасында қосылған отандық ойыншымыз Тараз футболының түлегі Ғалымжан Кенжебек екі жақты келісім бойынша семейлік ұжымдағы мансабын аяқтады. Осы маусымда Елімай сапында 11 ойын өткізіп 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Ұлттық құрама сапын толықтырып, әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде дубль авторы атанды. Қазақ футболының дамуына өзіндік үлес қоса беруін тілейміз! – делінген хабарламада. 

Осыған дейін Ғалымжан Кенжебектің Ресейдің "Ахмат" клубына ауысатыны туралы көп ақпарат тараған еді. Қазір ол клубта Қазақстан құрамасының тағы бір шабуылшысы Максим Самородов ойнайды. Ресейлік клубтың бас бапкері Станислав Черчесов екенін футболсүйер қауым жақсы біледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу