Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Үндістанда өтетін AVC Ұлттар кубогына қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасы А тобына түсті. Бұл топта Бахрейн, Аустралия, Үндістан, Тайбэй және Жаңа Зеландия құрамалары да өнер көрсетеді.
Қазақстандық волейболшылар алғашқы ойынын Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы төртінші орын алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу