Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

574

Шымкенттегі Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Азия/Океания жасөспірімдері Дэвис кубогы аймағының іріктеу кезеңінің жартылай финалистері анықталды. 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды Фото: ktf.kz

Ширек финалда Сергей Квактың командасы әлемнің ең мықты командаларының бірі, жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының алты дүркін чемпионы — Аустралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасына бірінші ұпайды Дамир Жалғасбай әкелді. Ол Кэмерон Бертонды сенімді түрде жеңді – 6:3, 6:0.

Содан кейін  алаңға Заңғар Нұрланұлы шықты. Ол "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін чемпионы Лейтон Хьюитттің ұлы Круз Хьюиттті 6:1, 6:0 есебімен жеңдә.  Өткен жылы да біздің команда ширек финалда Аустралия құрамасын дәл осындай есеппен ұтқан болатын. Осылайша, күзде Қазақстан құрамасы екінші жыл қатарынан 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының финалдық кезеңінде бақ сынамақ.

Ал бүгін 24 мамыр, Қазақстан теннисшілері Гонконгпен құрамасымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу