Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында Уругвайды ірі есеппен жеңді

78

Қазақстандық ватерполшылар үшінші турда қарсыласын 22:5 есебімен ұтып, бүгін Түркиямен кездеседі.  

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында Уругвайды ірі есеппен жеңді Фото: olympic.kz

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші турында Уругвай құрамасын 22:5 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесудің үздік ойыншысы болып қазақстандық Максим Сасин танылды.

Бүгін, 6 тамызда, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі кезекті матчын Түркияға қарсы өткізеді.

Айта кету керек әлем чемпионатының алғашқы турында қазақстандықтар Мысыр құрамасынан жеңілсе, екінші кездесуде Сингапурды жеңген болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу