Таиландтың Бангкок қаласында тректегі велоспорттан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық жасөспірімдер жарыста 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль иеленді.
Аружан Қабдулова із кесу және ұпай үшін жарыста жеңімпаз атанды. Мансұр Бралин кейринде топ жарса, Илья Куварин жекелей спринтте үздік шықты.
Командалық спринтте Зейнолла Азаматұлы, Илья Куварин және Мансұр Бралиннен құралған Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды.
Күміс жүлделерді Аружан Қабдулова (скрэтч), Виталина Хоружая (ұпай үшін жарыс) және Зейнолла Азаматұлы (із кесу) иеленді.
Ал скрэтчте Виталина Хоружая мен Әлихан Жүнісов, жекелей спринтте Мансұр Бралин қола жүлдегер атанды.