Қазақстан жасөспірімдері Junior Davis Cup іріктеу кезеңін 2-орынмен аяқтады

72

Теннистен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (16 жасқа дейін) Шымкентте өткен Junior Davis Cup әлемдік командалық чемпионатының Азия/Мұхит жағалауы аймағы бойынша іріктеу кезеңіндегі өнерін қорытындылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан жасөспірімдері Junior Davis Cup іріктеу кезеңін 2-орынмен аяқтады Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Аймақтың ең үздік командасы атану үшін өткен шешуші бәсекеде отандастарымыз тартысты ойын көрсетіп, жарыстың үшінші нөмірлі фавориті – Аустралия құрамасына жол берді.

Шымкент корттарындағы кездесу жерлестеріміз үшін сәтті басталды. Бірінші жекелей сында Ахмади Маханов Итан Домингодан 7:5, 6:4 есебімен басым түсті. Алайда, келесі ойында Аңсар Ниетқалиевті 6:3, 6:1 есебімен жеңген Таики Такизава аустралиялықтарға таразы басын теңестіруге мүмкіндік берді.

Жарыс тағдыры жұптық кездесуде шешілді. Ахмади Маханов пен Родион Трайгель алғашқы сетте барын салғанымен, Такизава / Доминго дуэтіне қарсылық таныта алмады – 5:7, 2:6.

Ал 3-орын үшін өткен матчта турнирдің бірінші нөмірлі командасы Жапония Үндістаннан айласын асырды (2:0).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу