Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Англия U-21 құрамасына қарсы өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.
Команданың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматы қаласында басталады. Құрамға 24 ойыншы енді.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Андорра жастар құрамасын 1:0 есебімен ұтып, жеңіспен бастады.
Іріктеу турнирінің екінші матчын Денис Мамоновтың шәкірттері 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Англия жастар құрамасына қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Қақпашылар: Нұралы Нұрғалиев ("Шахтер"), Дулат Талыспаев ("Кёге", Дания), Әбілқайыр Алиакбар ("Алтай");
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – "Жетісу"), Әли Тұрғанов ("Оңтүстік Академиясы"), Александр Мрынский ("Қайрат"), Әлихан Серікбай ("Каспий"),Темірлан Мырзағалиев, Никита Губарев (екеуі де – "Қайсар"), Бахтияр Төлеуов ("Ertis");
Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков ("Жетісу"), Олжас Байбек ("Қайрат"), Әбинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де – "Ertis"), Вячеслав Раскатов ("Каспий"), Нұралы Жақсылық ("Астана"), Аян Байдәулетов ("Ақтөбе");
Шабуылшылар: Глеб Валгушев ("Қызылжар"), Сэйф Попов ("Алтай"), Ян Труфанов ("Атырау"), Мағжан Тоқтыбай ("Оңтүстік Академиясы"), Артем Литош ("Шахтер"), Рамазан Бағдат ("Қайрат");