Қазақстан U21 жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Ирландия құрамасымен кездесу өткізді. Матч Түркістан Арена стадионында өтті.
Кездесу шамалас деңгейде болды. Екі команда да сақ ойнап, қауіпті сәттерді көп жасай алмады. Дегенмен матч тағдыры соңғы минуттарда шешілді. 89-минутта ирландиялық футболшы баспен соққы жасап, есеп ашты - 0:1. Осылайша, Ирландия құрамасы үш ұпай еншіледі.
D тобындағы турнирлік кесте бойынша қазіргі таңда Англия құрамасы 6 ойыннан кейін 16 ұпай жинап, көш бастап тұр. Онымен бірдей ұпайы бар Словакия құрамасы 7 матч өткізіп, екінші орында орналасқан.
Үшінші сатыда 7 ойыннан кейін 11 ұпай еншілеген Ирландия құрамасы келеді. Одан кейінгі орындарда Андорра (8 ойын, 7 ұпай) және Молдова (7 ойын, 5 ұпай) құрамалары орналасқан.
Ал Қазақстан жастар құрамасы 7 ойыннан кейін 4 ұпаймен турнир кестесінің соңғы орнында тұр.
Қазақстан жастар құрамасының келесі ойыны 25 қыркүйек күні өтеді. Бұл кездесуде қазақстандықтар сырт алаңда Англия құрамасына қарсы ойнайды.