Қазақстан жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды

191

Құрама қоржынына 10 алтын, 8 күміс және 6 қола түсті.  

Қазақстан жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Өзбекстанның Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы құрлықтық додада 10 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді Ұлболсын Есіркеп (найза лақтыру), Юлия Башманова (100 м кедергілер арқылы жүгіру), Алина Чистякова (ұзындыққа секіру), Виктория Ан (100 және 200 метрге жүгіру), Иван Иванов (ядро серпу), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру), Зелимхан Насыров (үш қарғып секіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) жеңіп алды.

Сондай-ақ 4×100 метрлік эстафетада Қазақстанның әйелдер командасы топ жарды. Жеңімпаздар сапында Дарья Гридасова, Маргарита Назаренко, Антонина Чернышева және Юлия Башманова өнер көрсетті.

Күміс жүлдеге Никита Изотов (800 метрге жүгіру), Алмат Төлебаев, Богдан Чернобай, Даниил Момот және Ромео Петров (4×100 метрлік эстафета), Алан Иванов (400 метрге жүгіру), Милана Зубарева (400 метрге жүгіру), Анастасия Калошина (балға лақтыру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), Анастасия Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) ие болды.

Ал қола медальдарды Давид Ефремов (110 м кедергілер арқылы жүгіру), Ақбілек Құралбай (3000 м кедергілер арқылы жүгіру), Томирис Ерматова (балға лақтыру), Варвара Дмитриева (үш қарғып секіру), Антонина Чернышева (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру) және Екатерина Колода (400 м кедергілер арқылы жүгіру) жеңіп алды.

Осылайша Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатында барлығы 24 медаль еншіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу