Қазақстан жүзуден АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды

95

Отандастарымыз Гринсборода өткен жарыста 13 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.  

Қазақстан жүзуден АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық жүзгіштер АҚШ-тың Гринсборо қаласында өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 17 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде 13 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде бар.

София Абубакирова 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын, 50 метрге шалқалап жүзуде қола медаль иеленді. Сонымен қатар ол 4×50 метр және 4×100 метрге еркін стильдегі, сондай-ақ 4×50 метрге аралас эстафетада чемпион атанды.

Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде топ жарды. Сондай-ақ 200 метрге баттерфляйда күміс, 50 метрге баттерфляйда қола жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, ол 4×50 метр және 4×100 метрге еркін стильдегі, сондай-ақ 4×100 метрге аралас эстафетада алтын медаль жеңіп алды.

Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуден алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 4×50 метрге еркін стильдегі және 4×50 метрге аралас эстафетада жеңімпаз атанды.

Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ ол 4×50 метрге еркін стильдегі және 4×50 метрге аралас эстафетада алтын медаль иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу